Сервер бойынша іздеу:

 

 

Бүкіл әлемдік Интернет жүйесі біздің өмірімізге нық ене, компанияның кәсіптік жасаған интернет-сайты бизнесті табысты жүргізудің ажыратылмайтын негізі бола білді. Алқабы- астықты, қойнауы-қарағайлы өлке Бесқарағай ауданының веб-сайтына хош келдіңіздер.

Құрметпен,
Бесқарағай ауданының әкімі: Т..ЖЕКСЕМБАЕВ



Бесқарағай ауданының әкімі - Жексембаев Төлеужан Сағымбекұлы

1963 жылы 6 тамызда Семей облысы Шұбартау ауданының Малкелді ауылында туған. Білімі жоғары 1985 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.
09.1986-03.1991 ж.ж. - «Сары қамыс» кеңшарының бас инженері.
03.1991-01.1993 ж.ж.- «Баршатас» шығын кәсіпорнының техникалық бөлімінің бас инженері.
02.1993- 11.1994 ж.ж. -  «Таңшолпан» жеке кәсіпорнының директоры,
11.1994-06.1997 ж.ж.- Семей облысы Шұбартау ауданы әкімінің орынбасары.
06.1997-02.1999 ж.ж.- Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің  бастығы.
02.1999-07.2006 ж.ж. - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының «Әділ» шаруа қожалығының басшысы.
09.2006-11.2006 ж.ж.-  «Еңбек-Көкшетау» РМК-ның маркетологы.
11.2006-01.2007 ж.ж. «Еңбек-Көкшетау» РМК-ның № 100 филиалы директорының міндетін атқарушы.
01.2007-07.2007 ж.ж. «Еңбек-Көкшетау» РМК-ның № 100 филиалы директоры.
2007 жылғы тамыз айынан бастап -  «Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірді пайдалану жөніндегі көп салалы кәсіпорнының» МКК-ның  директоры, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы.
2008 жылғы ақпан айынан бастап- Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі.

Лауазымдық мiндеттерi: 

Ауданның атқарушы билiгiнiң iс-қимылдарын басқару. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң аудан экономикасын реформалау, қалыптастыру және дамыту жөнiндегi нормативтiк актiлерiнiң орындалуы бойынша келешектегi және ағымды тапсырмаларды шешу.
Қазақстан Республикасы Қазынашылығының аудандық филиалымен өзара iс-қимыл жасау, аудан бюджетiнiң әзiрленуiне басшылық жасау және оның орындалуын бақылау, еңбек ақы, ақша айналымы және несиелеу, келешектегi болжамдау, өндiру күштерiн, материалды -техникалық және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану және бөлу мәселелерi. Аудандық прокуратурамен, сотпен және ҰҚК-нiң бөлiмшесiмен iшкi қауiпсiздiк және қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқық тәртiбiн, атқару тәртiбiн нығайту, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстармен күрес мәселелерiн шешуде келiсiлген жұмысты қамтамасыз ету және өзара iс-қимыл жасау. Аудан әкiмдiгiнiң, аудандық экономика және қаржы бөлiмiнiң, төтен-ше жағдайлар жөнiндегi комиссияның, салық комитетiнiң мәселелерi.  Басқару құрылымын, оптилизациялау кадрларды iрiктеу және орналастыру, жер қатынастарын реттеу және әкiмшiлiктiк-аумақтық құрылымын.

 Қабылдау сағаты: әрбір айдың бірінші және екінші сейсенбісі  сағат 14-00-ден 18-00 дейін
 Қабылдау бөлiмiнiң телефоны: (872236) 9-14-00.
  Электронный адрес: kancelyariyarayakimat@rambler.ru

2010 жылдың 2 жартыжылдығында ауданның ауылдарында Бесқарағай ауданының әкімі Төлеужан Сағымбекұлы Жексембаевтың азаматтар мен жеке тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

2010 жылдың 1 жартыжылдығында ауданның ауылдарында Бесқарағай ауданының әкімі азаматтар мен жеке тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Аудан әкімінің есебі

 

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Сайттың әкімшісі
Бейсекин Нуржан Талгатович
Телефон: 87223690443
e-mail: Bshtabbesk@mail.ru
Beskaragayorg1@rambler.ru

Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,
Сейфуллин көшесі, 144.
Индекс: 070300



Copiright © 2008-2010