Ауыл шаруашылығы

2014 жылғы  9 айыдың ішіндегі ауыл шаруашлығының  қорытындылары

2014 жылдың 9 айындағы 6 520,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 101,2 % құрайды.   
2014 жылдың 1 қазанға ет өндіру 3 707,9 тоннаны құрады немесе 102,8 %, сүт 39 278,7 тоннаға өндірілді немесе 102,4 %, жұмыртқа 3, 133 млн. данаға алынып немесе 102,7 % орындалды.
2014 жылдың 1 қазанға ірі қара малы 42,8 мың басты құрады немесе 100,9 % орындалды, қой мен ешкі 57,7 мың басты немесе 100,3 %, жылқы 8,9 мың басты немесе 103,1% орындалды, шошқа 2,6 мың басты немесе 73,9 % орындалды, құстар 60,2 мың дананы құрады немесе 146,9 % орындалып отыр.  
Жыл басынын ауданның шаруа қожалықтарымен 221 бас асыл тұқымды ІҚМ және 243 бас асыл тұқымды қой сатып алынды.
Мал тұқымы жаңалау жұмыстармен айналысатын 43 шаруа қожалығы бар, өткен жылмен салыстырғанда 16 шаруашылыққа көбейді. Оларда 4 147 бас аналық малдары бар, өткен  жылмен салыстырғанда 1714 басқа көбейген.
2014 жылы «Дулат» және «Азамат» шаруа қожалықтары қазақтың ақ бас тұқымының Республикалық Палатасының мүшесіне кірді, қазіргі таңда ауданда қазақтың ақ бас тұқымды ІҚМ өсірумен айналысатын 4 шаруа қожалығы жұмыс жүргізуде.
«Бестерек» шаруа қожалығының басшысы С.Анаевпен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаражаты арқылы лизинг бойынша 57,0 млн. теңге сомада 157 бас қазақтың ақ бас тұқымды малын сатып алу жобасы іске асырылуда, қазіргі таңда несие шешімі мақулданды, сатып алынған асыл тұқымды малы карантинде тұр.  
Одан басқа, «Саттаров К.» шаруа қожалығының 35,0 млн. теңге болатын жобасы бойынша несие шешімі мақулданып, жоба бойынша Ресей Федерациясынан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 172 бас қазақтың ақ бас тұқымыды ІҚМ және 3 бас Герефорд тұқымды бұқа сатып алынуы қажет. 
«Бекарыс» фермер шаруашылығы басшысы А.Шамитовпен отбасылық шағын сүт фермасын  ашу үшін бүгінгі күні құрылыс-монтаждау  жұмыстары, ІҚМ сатып алды, өз қаражатына 6 млн. теңге сомада трактор және тағы басқа ауыл шаруашылық техникалары сатып алды, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін және сүт сауатын аппараттарын сатып алғаннан кейін шағын сүт-тауарлық фермасы іске қосылады.
«Бекарыс» фермер шаруашылығы инвестициялық субсидиясына қатысу үшін сүт - тауарлы фермасын ашуға жұмсалған капиталдық шығындарының бір бөлігін  өтеу есебінде «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-на өтінім берілді.          
1 қазанға барлығы 21,9 мың га дәнді- дақылдар жиналды немесе 100%, оның ішінде  9,7 мың га бидай, орташа шығымы 12,5 центнер, 5,18 га арпа, орташа шығымы 13 центнер, 0,5 мың га сұлы, орташа 11,6 центнер, 0,25 мың  га қарақұмық, орташа шығымы 7,5 центнер, 6,26 мың га масақ құйрықтылар, орташа шығымы 12,4 центнер жиналды.
Сонымен қатар 0,8 мың гектар көкөністер алқабы жиналып, түскен түсім 16,4 мың  тоннаны, ал әр гектарға шаққанда орташа түскен түсім 205 центнерден, 0,3 мың  гектар көкөніс жиналып, түскен түсім 8,55 мың тоннаны, ал әр гектарға шаққанда орташа түскен түсім 285 центнерден айналып отыр, майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда.
Облыстық бюджеттен өсімдік шаруашылығын арттыруға 81 млн. 780 мың теңге субсидия төленді немесе 100 %.
Жыл басынан асыл тұқымды шаруашылықтарды дамыту бағдарламасы бойынша, мал шаруашылығының өнімінің сапасын  және өнімділігін арттыруға аудандағы 38 мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы 146 млн. 266 теңге сомада өнімдер берілді.
9 айдың ішінде ауданның мал шаруашылығымен айналысатын 19 шаруашылығына 42 млн. 832 мың теңге сомада субсидия төленді.
87000 тонна қатаң мал азығын дайындау жоспары бойынша 91326 тонна қатаң  мал азығы дайындалды, немесе 106% орындалып отыр.
Ауданның шаруашылықтармен ауыл шаруашылық техникаларын жаңалау жұмыстары жалғасуда, жыл басынан 10 шаруа қожалығымен тракторлар сатып алынды, оның ішінде 5 шаруа қожалығымен өз қаражататтары есебінде 19 млн. 570 мың теңгеге МТЗ 82.1 маркалы тракторлар сатып алынды, олар  «Лана» шаруа қожалығы МТЗ 892, «Қонақ» шаруа қожалығы  және «Бекарыс» фермер шаруашылығы МТЗ 1221-2 маркалы тракторы, «Семей» фермер шаруашылығы және «Ақжол» шаруа қожалығы МТЗ 82 маркалы тракторы сатып алынды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-мы арқылы «Айжана» шаруа қожалығы 5 млн. 920 мың теңгеге МТЗ 1221-2 маркалы трактор, «Ерғанат» шаруа қожалығы 3 млн. 380 мың теңгеге МТЗ 82.1 маркалы тракторы, «Арбиев» шаруа қожалығы 18,5 млн. теңгеге 5 дана МТЗ 82.1 маркалы тракторы, «Рахим» шаруа қожалығы 4 млн. 515 мың теңгеге МТЗ 892.2. маркалы тракторы және 1 млн. 519 мың теңгеге трактор тіркелімі, «Лана» шаруа қожалығы 42 млн. теңгеге «Essil КЗС-740» 2 астық орайтын комбайын, «Айгерим» шаруа қожалығы 28 млн. 500 мың теңгеге  «Вектор - 410» комбайның сатып алынды.
Ауданның эпизоотиялық жағдайы тұрақты,  «Эпизоотияға қарсы іс шаралар» жұмыстары бойынша  республикалық бюджеттен  40 млн. 636 мың теңге қаражат бөлініп, оның 32 млн. 100 мың теңгесі игерілді.
14 мал сою пункті бар, барлық ауылдарда мал қорымдары бар.
2014 жылы қаңтар айынан бастап компьютерлік базасына 15100 бас ірі қара малы, 16900 бас  ұсақ мал бастары енгізілді.

Бөлім басшысы  Ж. Бопаев

 

2014 жылдың 2 тоқсаны ішінде атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Бесқарағай ауданының аумағы 1140,9 мың га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер 432,3 мың га, олардан шаруа қожалықтарының жерлері 378,0 мың га; елді мекендердің жерлері 179,4 мың га; ерекше қорғалатын аумақтардың жерлері 392,3 мың га; босалқы жерлер 127,5 мың га.

Ауданда тіркелгені:
-  шаруа қожалықтары- 546;
-  ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – 2 («Ас Ай және К», «Башкуль» ЖШС).       
Жеке меншікке 16,4 мың теңге сомаға көлемі 2,7041 га болатын ауыл шаруашылығы маңызындағы 1 жер телімі сатылды. 
Шағын кәсіпкерлік субьектілердің иелігіне 25,0 мың теңге бағалау құнымен жалпы көлемі 0,0128 га болатын, 1 жер телімі берілді.   
      
Ағымдағы кезең ішінде конкурс бойынша шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жалпы көлемі 20,3 мың га ауыл шаруашылығы маңызындағы 51 жер телімі берілді, оның ішінде 2,8 мың га егістік.
Бөлімге азаматтар мен заңды тұлғалардан 229 өтініш түсті. Аудандық жер комиссиясының 15 отырысында 142 мәселе қаралды.
Аудандық әкімдікпен жер мәселесі бойынша 103 қаулы қабылданды.

Жеке және заңды тұлғалармен 2 сатып алу-сату келісімшарты, 120 жалдау келісімшарттары жасалды.
Көлемі 1997 га, оның ішінде 514 га егістік, 25 ауыл шаруашылығы маңызындағы жер телімдеріне жалдау келісімшарттары бұзылды.
Жер телімдері иелері мен жер пайдаланушылардың жер телімдерін сәйкестендіру құжаттарымен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
2013 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу қорытындысы бойынша көлемі 27,4 мың га, оның ішінде 1,7 мың га тыңайма және 25,6 мың га жайылым алқабы,  жер телімдерін пайдаланбаған 52 шаруашылық анықталды.
Анықталған пайдаланылмайтын жерлермен мынадай жұмыстар жүргізілді:
- 22 жер пайдаланушылар бойынша көлемі 16,1 мың га жер телімдері иесіз зат ретінде есепке алынды;
- 16 жер пайдаланушылармен жалдау келісім-шарттарын бұзу жолымен көлемі 7,4 мың га жер мемлекет иелігіне қайтарылды;
- түгендеу кезеңінде 9 жер пайдаланушылар көлемі 2,3 мың га жерді пайдалануға кірісті;
- 5 жер пайдаланушылар бойынша соттың шешімімен не жергілікті атқарушы органның шешімімен көлемі 1,6 мың га жер мемлекет иелігіне қайтарылды.


2014 жылдың 1 тоқсаны ішінде атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Бесқарағай ауданының аумағы 1140,9 мың га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер 418,3 мың га, олардан шаруа қожалықтарының жерлері 363,9 мың га; елді мекендердің жерлері 179,4 мың га; ерекше қорғалатын аумақтардың жерлері 392,3 мың га; босалқы жерлер 141,5 мың га.
Ауданда тіркелгені:
-  шаруа қожалықтары- 552;
-  ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – 2 («Ас Ай және К», «Башкуль» ЖШС).       
Аудан бойынша 2013 жылы егістіктің жалпы көлемі 53108 га құрады.
Шағын кәсіпкерлік субьектілердің иелігіне 25,0 мың теңге бағалау құнымен жалпы көлемі 0,0128 га болатын, 1 жер телімі берілді.
Ағымдағы кезең ішінде конкурс бойынша шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жалпы көлемі 9,1 мың га ауыл шаруашылығы маңызындағы 25 жер телімі берілді, оның ішінде 0,6 мың га егістік.
Бөлімге азаматтар мен заңды тұлғалардан 81 өтініш түсті. Аудандық жер комиссиясының 7 отырысында 41 мәселе қаралды.
Аудандық әкімдікпен жер мәселесі бойынша 36 қаулы қабылданды.
Жеке және заңды тұлғалармен 1 сатып алу-сату келісімшарты, 52 жалдау келісімшарттары жасалды.
Көлемі 716 га, оның ішінде 431 га егістік, 12 ауыл шаруашылығы маңызындағы жер теліміне жалдау келісімшарттары бұзылды.
Жер телімдері иелері мен жер пайдаланушылардың жер телімдерін сәйкестендіру құжаттарымен қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
2013 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу қорытындысы бойынша         көлемі 27,4 мың га, оның ішінде 1,7 мың га тыңайма және 25,6 мың га жайылым алқабы,  жер телімдерін пайдаланбаған 52 шаруашылық анықталды.
Анықталған пайдаланылмайтын жерлермен мынадай жұмыстар жүргізілді:
- 15 жер пайдаланушылар бойынша көлемі 4,7 мың га жер телімдері иесіз зат ретінде есепке алынды;
- 16 жер пайдаланушылармен жалдау келісім-шарттарын бұзу жолымен көлемі 7,4 мың га жер мемлекет иелігіне қайтарылды;
- түгендеу кезеңінде 9 жер пайдаланушылар көлемі 2,3 мың га жерді пайдалануға кірісті;
- 1 жер пайдаланушы бойынша соттың шешімімен көлемі 0,5 мың га жер мемлекет иелігіне қайтарылды;
- 3 жер пайдаланушылар бойынша жергілікті атқарушы органның шешімімен көлемі 0,6 мың га жер мемлекет иелігіне қайтарылды;
- көлемі 11,9 мың га 8 жер пайдаланушылар бойынша шара қолдану үшін аумақтық жер инспекциясына материалдар берілді.


Бөлім басшысы В.Калиновский

 

Парақтар өзгертілді: 28-10-2016